Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
29 авг 2025

"Тәуелсіздігіміздің тірегі - Ата Заң"

 

📌1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз – мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтқан, демократиялық даму бағытын айқындаған тарихи құжат. Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл. Осыған орай аудандық мәдениет сарайында мерекелік шара ұйымдастырылып, аудан халқының назарына орталық кітапхана "Тәуелсіздігіміздің тірегі - Ата Заң" атты кең көлемде кітап көрмесін ұсынды.

🔸Кітап көрмесінде халқымыздың тарихынан бастап, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз-Тәукенің Жеті жарғысы» секілді дала заңдары мен әділ билер шешімдерінен бастап қазіргі Конституцияға дейінгі құқықтық құндылықтар қамтылды.

🔸Оқырмандарға заңдарымыздың маңызы түсіндіріліп, белсенді оқырмандар тақырып аясында өлеңдер оқыды.

🔸Конституция – ел бірлігінің, тәуелсіздігіміздің берік тірегі.

Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!