1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз – мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтқан, демократиялық даму бағытын айқындаған тарихи құжат. Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл. Осыған орай аудандық мәдениет сарайында мерекелік шара ұйымдастырылып, аудан халқының назарына орталық кітапхана "Тәуелсіздігіміздің тірегі - Ата Заң" атты кең көлемде кітап көрмесін ұсынды.
Кітап көрмесінде халқымыздың тарихынан бастап, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз-Тәукенің Жеті жарғысы» секілді дала заңдары мен әділ билер шешімдерінен бастап қазіргі Конституцияға дейінгі құқықтық құндылықтар қамтылды.
Оқырмандарға заңдарымыздың маңызы түсіндіріліп, белсенді оқырмандар тақырып аясында өлеңдер оқыды.
Конституция – ел бірлігінің, тәуелсіздігіміздің берік тірегі.
Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.