Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2

Кітапхана тарихы

Аудандық орталық кітапхана 1949 жылы ашылған. 1951 – 1960 жылдар аралығында 8 ауылдық кітапхана және 2 қызыл отаудың әдістемелік орталығы болып табылды.                            

1980 жылы  Отырар аудандық орталық кітапханасы 1 аудандық балалар кітапханасы және 49 ауылдық кітапханаларды бір жүйеге біріктіретін «Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Ұлттық  мәдениетімізді  өркендету  жолындағы  атқарылған  істер  оңайлықпен  келген  жоқ. Тәуелсіздік  таңы  атқан  90-шы  жылдары  ауданымыздың   мәдени  саласы  көптеген   қиындықтарды  бастан  кешті. Ауданымыздың  мәдени  мекемелері, соның  ішінде  кітапханалар  жүйесі  құлдырауға  ұшырап, қысқарып  қалған  болатын.

Жаңа  ғасыр  шымылдығын  ашқан  егемен  елді  тығырықтан  шығаруға, кітапханалар  жүйесінің  қайта  жандануына  Елбасының  «2000  жылды-Мәдениетті  қолдау  жылы» деп  жариялауы  болды. Жергілікті  биліктің  қолдау көрсетуімен  аудан  көлемінде  кітапханалар  осы  жылдан  бастап  қайта  ашылыпкітапханалар  жүйесі  дами  бастады.

Аудандық  орталықтандырылған  кітапхана  жүйесін 1980-1991  жылдары Ережепова Айымгүл, 1991-1992  жылдары  Шаңбаева Рахия,              1992 жылдан  2024 жылға дейін Рыскелді Айнагүл  Смайылқызы басқарса,                   2024 жылдың 25 қарашасынан бастап Пернебаева Роза Базарбекқызы басқарып  келеді.

        Бүгінгі  таңда  еліміздің  егемендігінәуелсіздігін  баянды  ету, оны  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізу, әдеби  құндылықтарды  насихаттау, рухани-мәдени  мұраны  сақтау  бағытында  ауданымызда,  қазіргі таңда 1 аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 23 ауылдық кітапханалар халыққа  рухани - мәдени қызмет көрсетіп келеді

Қазіргі  таңда кітапхана  заманауи  компьютерлік  құрал-жабдықтармен  жасақталған. 25  кітапхана  компьютерлендіріп, 25-і интернет  желісіне қосылып жұмыс  жасауда.

2009  жылы  РАБИС бағдарламасы  іске қосылды. 2022  жылдан  бастап автоматтандырылған  кітапханалық  жүйе    Wев-РАБИС  бағдарламасымен  жұмыс  жасаса, 2023 жылдан бері MEGA-РАБИС  бағдарламасымен  жұмыс  жасап келеді.

        2015  жылы   аудандық  орталық  кітапханаға  жаңа үлгідегі ғимарат  салынып, пайдалануға  берілді. Кітапхана қызметкерлері жыл басында  бекітілген  жоспар  бағытымен    жұмыс  жасайды.

2016  жылы Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  «Отырар» әмбебап-ғылыми  кітапханасының  жариялаған   «Тәуелсіздіктің  25  жылдығына-25  ауылдық  модельді  кітапхана»  акциясы  аясында   Маяқұм ауылдық  кітапханасына, Көкмардан  ауылдық  кітапханасына  және Қоғам  ауылдық  кітапханасына «Модельді  ауылдық  кітапхана»  сертификаттары  тапсырылды.

2018  жылы Отырар  аудандық  балалар  кітапханасының  жанынан  алғаш  рет   Коворкинг  орталығы  ашылды. Заманауи  үлгіде  жасақталған  орталықта  жастар  сүйікті  ісімен  айналысуына  бар  жағдай  жасалған.

2023 жылдың  4 қаңтарында «Мемлекеттік мүлік  туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  18-бабына сәйкес, аудан  әкімдігінің №03 қаулысымен «Отырар аудандық   орталықтандырылған   кітапхана  жүйесі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі,  «Отырар аудандық  орталықтандырылған  «Отырар»  кітапхана  жүйесі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі   болып  аталды.

Ауылдық  елді  мекендерде  жыл  санап  Мәдениет  үйлері  бой  көтеруде. Мәдениет  үйлерінің  ішінде  кітапханалар   орналасқан.

2024 жылы Шойманов, Ақтөбе ауылдық клубтары салынып, Шойманов, Ақтөбе ауылдық кітапханалары жаңа жайға көшірілді.