Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Май 2025

«Шексіз жүрек – шексіз мүмкіндік»

 

❤Шексіз жүрек – шексіз мүмкіндік❤

​Отырар аудандық кітапханасы мен балалар кітапханасының ұжымы бүгін ерекше шара – «Шексіз жүрек – шексіз мүмкіндік» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл игі бастама аясында Отырар ауданының педагогикалық түзеу кабинеті КММ-не арнайы барып, балаларға қуаныш пен мейірім сыйлады. ❤

Шара барысында тәрбиеленушілерге түрлі сыйлықтар тарту етіліп, рухани қолдау көрсетілді. Балалардың жүзіндегі күлкі мен көзіндегі үміт – біздің ең үлкен бақытымыз! ❤

❤ Бұл акцияның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қамқорлық таныту, олардың әлеуетіне сенім ұялату және қоғамның назарын осы маңызды мәселеге аудару болды.

❤ Қайырымдылыққа үлес қосқан барша әріптестерімізге және жүрегі жомарт жандарға алғысымызды білдіреміз!

Жақсылық жасау – жүректен. Себебі, Шексіз жүрек – шексіз мүмкіндік! ❤

https://www.facebook.com/reel/1460267218682538