Шексіз жүрек – шексіз мүмкіндік
Отырар аудандық кітапханасы мен балалар кітапханасының ұжымы бүгін ерекше шара – «Шексіз жүрек – шексіз мүмкіндік» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл игі бастама аясында Отырар ауданының педагогикалық түзеу кабинеті КММ-не арнайы барып, балаларға қуаныш пен мейірім сыйлады.
Шара барысында тәрбиеленушілерге түрлі сыйлықтар тарту етіліп, рухани қолдау көрсетілді. Балалардың жүзіндегі күлкі мен көзіндегі үміт – біздің ең үлкен бақытымыз!
Бұл акцияның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қамқорлық таныту, олардың әлеуетіне сенім ұялату және қоғамның назарын осы маңызды мәселеге аудару болды.
Қайырымдылыққа үлес қосқан барша әріптестерімізге және жүрегі жомарт жандарға алғысымызды білдіреміз!
Жақсылық жасау – жүректен. Себебі, Шексіз жүрек – шексіз мүмкіндік!
https://www.facebook.com/reel/1460267218682538
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.