Жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай
«Отырар» кітапханасы қызметкерлері Ө. Жәнібеков
атындағы N4 лицей-интернатының 10 сынып оқушылары арасында «Көшпенділер» трилогиясы – қазақтың тарихы» атты тақырыпта оқырмандар конференциясын өткізді.
Көшпенділер — Ілияс Есенберлиннің үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма - қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия Алмас қылыш , Жанталас, Қаһар деген бөлімдерден тұрады. Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX
ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.
Іс-шара барысында жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, тақырып аясында кеңінен әңгіме өрбіді. Сонымен қатар талқыланатын сұрақтар бойынша оқушылар өз пікірлерін ортаға салды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.