Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
15 Желтоқсан 2025

"Тәуелсіздік - Тәңір берген тәтті сый"

📌Төл тарихымыздағы мерейлі белес - Тәуелсіздік күніне орай орталық кітапханада "Тәуелсіздік - Тәңір берген тәтті сый" атты кездесу кеші болып өтті.

📌Кеш барысында арнайы дайындалған бейнекөрініс көрсетіліп, желтоқсан оқиғасының себеп-салдары айтылды. Кешке арнайы қатысқан желтоқсан оқиғасының куәгерлері Н.Қалтаев пен Б.Жұмаділлә өз естеліктерімен бөлісті.

📌Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері Желтоқсан оқиғасының батырлары туралы әңгіме өрбітіп, "Қара бауыр қасқалдақ" әнінің шығу тарихы туралы сөз қозғады.

📌Оқырмандар патриоттық өлеңдер оқып, аудан өнерпаздары әсем әндерін тарту етті.

📌Халқымызда мынадай өсиет сөз бар : "Барды бағалаған озады, жоқты қуалаған - тозады" - дейді. Біз басымызға бақ болып қонған азаттықты аялай білуіміз керек. Тәу етер тәуелсіздігіміз жасасын! Егемендігіміз баянды болғай!