Кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімі Бөлімнің қызмет аясы: 1. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша кітапханалардың компьютерлік бағдарламаларын орнату және жұмыс істеулерін қамтамасыз ету 2. Мекеменің кітапхана ісін автоматтандыру қызметі бойынша жоспарын және есеп беру жұмыстарын атқарады 3. Электронды ақпараттық қорларды жасақтау және оларға кез-келген пайдаланушының қол жеткізуіне мүмкіндік тудыру 4. Ұлттық деңгейдегі және облыстық кітапханалардың автоматтандыру тәжірибелерін енгізу бойынша ұсыныстар дайындау 5. Кітапханадағы қашықтықтан қызмет көрсетуге жетекшілік ету 6. Онлайн экскурсиялық қызмет етуге, тақырыптық, жобалық аудио бейнефильмдер түсіру 7. Арнайы автоматтандырылған кітапханалық бағдарламаларды жүмыс тәжірибесіне енгізеді 8. РАБИС, ВЕБ-РАБИС бағдарламаларын енгізу және дамыту 9. Бөлім үш бөліктен тұрады: оқырмандарға қызмет көрсету, құжаттарды электронды түрде жеткізу және техникалық қызмет көрсету бөлімдері 10. Оқырмандар үшін келесі қызметтерді ұсынады: - Интернет - Электронды көшіру - техникалық жабдықты жалға беру -электронды ақпарат тасығыштарға (CD, DVD, флеш-жинағыш) жазу, басып шығару 11. Кітапханалардың компьютерлік жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін ұамтамасыз ету. Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Тәменов ауылдық кітапханашылар арасында «Кітапханалық жарнама жұмыстарын жетілдіру барысы» атты кеңес беру мезетін, сонымен қатар «Мәдени – көпшілік шараны әлеуметтік желіде жаңаша жариялау» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.