Төл тарихымыздағы мерейлі белес - Тәуелсіздік күніне орай орталық кітапханада "Тәуелсіздік - Тәңір берген тәтті сый" атты кездесу кеші болып өтті.
Кеш барысында арнайы дайындалған бейнекөрініс көрсетіліп, желтоқсан оқиғасының себеп-салдары айтылды. Кешке арнайы қатысқан желтоқсан оқиғасының куәгерлері Н.Қалтаев пен Б.Жұмаділлә өз естеліктерімен бөлісті.
Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері Желтоқсан оқиғасының батырлары туралы әңгіме өрбітіп, "Қара бауыр қасқалдақ" әнінің шығу тарихы туралы сөз қозғады.
Оқырмандар патриоттық өлеңдер оқып, аудан өнерпаздары әсем әндерін тарту етті.
Халқымызда мынадай өсиет сөз бар : "Барды бағалаған озады, жоқты қуалаған - тозады" - дейді. Біз басымызға бақ болып қонған азаттықты аялай білуіміз керек. Тәу етер тәуелсіздігіміз жасасын! Егемендігіміз баянды болғай!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.