Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
11 Сәуір 2025

«Түркістанның таңдаулы туындылары - 2025»

 

Аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Д. Құрманбек атындағы №20 колледж студенттері арасында «Түркістанның таңдаулы туындылары - 2025» атты тақырыпта ақпараттық релиз болып өтті.

Бұл шараның мақсаты - студенттерге биыл таңдалынып алынған ақындар «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақытжан Алдияр, ақын«Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Әлібек Шегебай, ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Әшірбаев және жас ақын Мұқағали Кенжетайұлы туралы кеңінен мағлұмат беру. Ақындардың шығармалары терең оймен, ұлттық рух және заманауи көзқарастың үйлесімімен ерекшеленеді.

Ақындардың әрқайсысының шығармашылығы халқымыздың рухани байлығын арттыруға арналған. Кітапханашы Ф. Сихимбаева ақындардың өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды. Колледж студенттері ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре оқып, жырларымен сусындады.