Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
12 июл 2024

#Сізге_оқуға_ұсынамыз


...Шәуілдірдің күншығыс жақ шетінде, сегіз шақырымдай жерде Темір шағын жол стансасы бар.

Бұл – ілгеріде дүниені дүр сілкіндірген атақты Әмір Темір көрегеннің өлген жері. Әмір-Темір өмірбақи Қытайды жаулап алуды армандаған адам. Батысында Алтынорданың ханы Тоқтамысты, түстігінде үнді елін, оңтүстік батысында түріктің жауынгер сұлтаны Баязитті талқандап, сыртында өзі сескенетіндей жау қалмаған соң, қалың қолымен Қытайға жорыққа шыққан. Денсаулығының нашарлығына қарамай, бұл жорыққа асығыстау аттанды. Әйелдер құсап төсекте жатып өлуді қолбасшылық дәрежесіне лайық көрмей, әйтеуір бір келмей қоймайтын ажалмен де жорық үстінде кездескісі келді ме, кім білсін?

Қанша асыққанымен, өзіне тән ұқыптылықпен көп жайды мұқият ойластырған Темір Қытай жеріне аттар жүдемей жетсін деп, ерте көктемде аттанды. Ақпанда Қызылқұмды көктеп өтіп, Отырар қаласына жеткенде, Сырдың мұзы әлі бұзыла қойған жоқ еді.

Қалың қолдың салмағына былқ етпеген Сырдың мұзы, Әмір-Темірдің өзі өткенде, адамзатты тағы да бір қантөгіс қырғыннан сақтап қалғысы келгендей, ойылып-ақ кетті...

Әдіһам Шілтерханов Шығармалары, 1 том.