Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
02 июл 2024

Оралхан Бөкей «Айпара ана»


...Жоңғарлықтар жас баланы ермек қылып ұзақ ойнады. Өздері де мұндай «ойындарға» еті өліп, көнікті болып алса керек. Еңгезердей-еңгезердей төрт жоңғар төрт таған жасап тұр.Ортада лаулатып жаққан от бар. Бірі баланың қос білегінен мықтап ұстап алады да, айналдырып-айналдырып әкеп, оттың ар жақ шетінде тұрған екінші жоңғарға шырқатады. Ол үшіншіге, үшінші төртіншіге... Жандос от жалынын кесіп өткен сайын жан даусын шығара айқайлайды. Сонда оның аузына Құдайдың емес, тек қана Айпара-ананың есімі оралушы еді.

Жандос енді бір рет көзін ашқанда қап-қара боп шүйлігіп, түнеріп тұрған аспанды, сол аспанда қарқылдай ұшқан мың-мың қарғаларды көрді. Құрым киізге оралған жас баланы жоңғарлар отқа тастаса керек...

Оралхан Бөкей «Айпара ана».