Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
27 июн 2024

Бақытты балалық шақ!


Балалар үшін жылдың ең сүйікті мезгілі жаз!

Жазғы демалыс балалардың дамуына, тәрбиесіне, денсаулығына өте маңызды.

Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Жаз қызығы кітаппен" жобасы аясында "Балалық шақ-балдәурен" атты қызықтыру сағатын "Балдәурен" бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілерімен өткізді.

Шара барысында балаларға кітапханамыздың ертегі кітаптары әрі ондағы кейіпкерлері таныстырылды, қызықты ойындарды қуана-қуана ойнады. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ.

Бүлдіршіндер бейбіт өмірде бақытты балалық шақтың бал дәмімен өсе берсін!