Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
07 июн 2024

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ҚОЛ КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 16 АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ


Ақмола облысы Щучинск қаласында армрестлингтен ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықты спортшылар жиналып, жарыс өте тартысты өтті. Түркістан облысының «Шардара Армспорт» құрамасының спортшылары 16 алтын медаль алып, командалық есепте І орынды иеленді.

Жеңіс тұғырынан көрініп, облыс абыройын асқақтатқан білектілердің 14-і - ер азаматтар болса, 2-і бұрымдылар. Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары алдағы Молдова елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі