Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
03 июн 2024

ШАРДАРАДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ


Төменгі тоғай елдімекеніндегі Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің 10 жыл бұрынғы мектеп түлектері игі іс жасады. Түлектер 10 жылдық кездесулерінде ауыл тұрғыны, жалғызбасты көпбалалы ана Гүлмира Ибрагимоваға 4 бөлмелі тұрғын үйдің кілтін табыстады. Бүгінде мұндай шаралар ауданда үрдіске айналып отыр. Ізгіліктің шапағатын көріп, өз үйінің табалдырығын аттаған ана көмек қолын созған түлектерге алғысын білдірді. Ол бұл уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген.

«Биыл біздің мектеп бітіргенімізге 10 жыл толып отыр. Сондықтан көпбалалы батыр анаға баспана сыйлағанды жөн көрдік. Соңымыздан ерген інілерге өнеге қалдырсақ деген ниетте игі істі қолға алдық. Осы бір үрдіс барлық түлектердің арасында жалғасын тапса деген ниеттеміз», - дейді 10 жылдық мектеп бітіруші түлек Бердіғұл Сансызбай.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі