Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
03 июн 2024

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР КӨТЕРУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 7 АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ


Тайван мемлекетінің астанасы Тайпэй қаласында мамыр айының 25-29 күндері гір көтеруден Азия чемпионаты өтті. Онда шардаралық спортшылар серпе көтеру, жұлқа көтеру және ұзақ айналым бойынша сынға түсіп 7 алтынды қоржынға салды.

Жасөспірімдер арасында серпе көтеруден 53 келіде Мадияр Байдуллаев, 58 келіге дейінгілер арасында Елнұр Елемес және 68 келіде Оразхан Ережеп алтыннан алқа тақты. Ал жұлқа көтеруден 53 келіде Бейбарыс Есмағаев жеңімпаз атанса, 58 келідегі Тастан Қуаныш пен 73 келідегі Аман Жандарбек жеңісті жолды жалғады. Сондай-ақ жастар арасында 95 келі салмақта Асылбек Амандық жұлқа көтеруден Азия чемпионы атанды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі