Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
01 июл 2024

«Кітапханада библиография қызметін ұйымдастырудың дәстүрлі жаңа әдістері»

Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  ауылдық кітапхана меңгерушілерінің қатысуымен «Кітапханада библиография қызметін ұйымдастырудың дәстүрлі жаңа әдістері» атты зерделі кеңес өткізілді. Әдіскер Р.Пернебаева  кітапхана саласында басты назар аударатын бағыттардың бірі ақпараттық - электрондық ресурстарды басқару және оларды кітапханаларда қолдану, ақпараттық - электронды ортада анықтамалық - библиографиялық қызмет көрсету, яғни пайдаланушыларға виртуальді  анықтамаларды ұсыну керектігі туралы ұсыныстық кеңестер айтып өтті.

Кітапхана библиографы «АБА сапасын жетілдіру және оны пайдаланушыларға жаңа бағыттар беру» тақырыбында кеңес беріп, бүгінгі таңда болып жатқан қоғамдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңестікке өту - кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап ететіндігі туралы айтты.

Шара барысында «Библиографиялық құрал - кітапхана жұмысының өзегі»  атты бөлімде ауылдық кітапхана меңгерушілеріне  анықтамалық - библиографиялық құралдардың тақырыбын таңдау, таңдалған тақырыптың өзектілігіне мән беру,  құрастыру жолдары  туралы кеңес берілді. 

Кеңестің «Бәрін білу міндетің» атты бөлімінде іскерлік ойындар ұйымдастырылып, кітапханашылардың кәсіби біліктіліктерінің артуына ықпал етті.

Ауылдық кітапхана  меңгерушілеріне «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша «Бірегей талант иесі» Б.Соқпақбаев туралы ақпараттық-библиографиялық, «Библиография -  кітапхана  жұмысының басты қызметі» анықтамалық  көмекші  құрал, Ә.Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлттық археологияның сардары», Б.Малиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қанатты қалам иесі» атты  ақпараттық –библиографиялық, «Қызықты библиография» атты  анықтамалық  көмекші  құралдар ұсыныс ретінде таратылды.