Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
11 апр 2024

«Қазыналы керуен - 2024» облыстық акциясы

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазыналы керуен - 2024» облыстық акциясы болып өтті.

Акцияның басты мақсаты – аудандық әріптестік байланысты нығайта отырып, тарихымызды насихаттау.

Акцияның қонақтары – Отырар, Арыс аудандық кітапханалары мен Түркістан қаласының орталық кітапханасы.

Мәдени шараның «Ұлы дала тарихы» бөлімінде кітапханашылар «Сақ патшайымы – Зарина» театрландырылған қойылымын сахналады. Отырар аудандық балалар кітапханасының қызметкері МАНАС ӘБЕНОВ ақын Н. Сердалиевтің «Мен ұнатқан бір қыз» атты өлеңін нақышына келтіріп оқыса, «Зарина» рөлінде кітапханашы ҰЛЗАТ ПӘТТЕЛ дала сұлуы Заринаның өміріндегі маңызды сәттерінен көріністі шебер сомдап шықты.

Парсылар мен сақ тайпаларының арасындағы араздық, сол кездегі сақ қыздарының ерлік істері көрермендерге шынайы эмоция сыйлады. Әсіресе, аңшылықта жүріп жау қолына түскенде Парсы ханзадасына ессіз ғашық болып, бірақ, елінің егемендігі үшін келісімін бермеген патшайымның қайсар мінезі жүректі тебірентті.

Өткен тарихты қазіргі ұрпақ санасында қайта жаңғырту мақсатындағы қойылымда жауынгерлік өнер, қыз намысы көрініс тапқан тәрбиелік мәні мол қойылымнан көрермендер рухтанып шықты.