Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген сөзін қолдай отырып, еліміздегі кітапханалар балаларға арнап түрлі іс – шаралар ұйымдастырып өткізуде.
Осы орайда Отырар аудандық балалар кітапханасы 24-30 наурыз күндері өтетін дәстүрлі «Балалар кітабы апталығының» алғашқы күнінде «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты ашық есік күнін ұйымдастырды.
Шарада балаларға арналған журналдар, қызықты кітаптар, қиял-ғажайып ертегілер таныстырылды.
Кітапханашылар жас оқырмандарға кітап оқудың маңыздылығы жайлы тоқтала келіп, кітапхана жұмысымен, ережелерімен, кітап қорымен таныстырды, Балалар кітап жайлы тақпақтар айтты, жасырылған жұмбақтарды шешті.
Сондай – ақ, «Коворкинг» білім орталығында оқырмандарға ғаламтор желісі арқылы заманауи құрылғыларды пайдалана отырып, тиімді ақпарат алуға толық жағдай жасалғаны, жас буынды кітап оқуға баулу мақсатында көптеген іс шаралар өткізіліп жатқандығы туралы айтып, оқырмандарды кітапханаға кітап оқуға шақырды.
Апталық балалардың білім алуына және бос уақытын тиімді өткізуіне пайдасын тигізеді деген ойдамыз.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.