Отырар аудандық балалар кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Жыл таңдауы - 2024» атты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылған болатын.
Кітап көрмесіндегі кітаптармен танысып, жазушының шығармаларын оқымаққа ұмтылған оқырмандар легі көп.
Осы орайда кітапханамыздың кітапсүйер оқырманы, Ш.Қалдаяқов мектеп – гимназиясының 7 сынып оқушысы Рысқұлбек Нұғман жазушының «Менің атым қожа», «Балалық шаққа саяхат» повестерін оқып, өзінің кітаптан алған әсерімен бөлісті.
Кітап - теңдессіз дос. Кітап оқып, рухани бай болыңыз!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.