Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
01 фев 2024

«Әлемді тану үшін, кітап оқы!»

Оқушылардың жан - дүниесін өсіріп, үлгі-өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына - кітап әлеміне шарлатып, білім- ғылым жолына жетелейтін қазына екенін ұғындыру мақсатында «Әлемді тану үшін, кітап оқы!» атты тақырыпта кітап көрмесінің таныстырылымы білім ордасы – Жамбыл атындағы мектеп – лицейінде өткізілді.

«Оқитын ұлт» жобасы аясында өткізілген шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Шарада кітап көрмесі таныстырылып, викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар берілді.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл ақын Абай Құнанбаев айтып кеткендей, ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.