Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
27 апр 2024

«Жасыл аймақ» Отырарлықтар экоакция аясында сенбілік ұйымдастыруда


Отырарда «Жасыл аймақ» апталығы аясында Шәуілдір ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіру, аулаларды абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Абаттандыру жұмыстарына барлық саладағы мекеме қызметкерлері мен ауыл белсенділері және ерікті жастар жұмыла атсалысуда.

Сондай-ақ, аудан орталығындағы мекеме қызметкерлерінің қатысуымен аулаларды, көше бойларына гүл көшеттерін отырғызу, жол жиектеріндегі қоршауларды сырлау, төңіректі арамшөптерден тазарту, көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы күндерде санитарлық-тазалық жұмыстары жанданып, көркейту-көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде өз жалғасын табады.