Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
26 апр 2024

Түркістан: жетісай театры «Жасыл аймақ» апталығына атсалысты


Түркістан облысы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы өтуде.

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры ұжымы апталыққа белсене қатысып, көктем шағындағы тазалау, көшет отырғызу жұмыстарын сапалы атқарды. Театр ғимаратының айналасы шөп-шаламнан тазартылып, жас көшеттер отырғызылды.

Акция аясында облыстық мәдениет мекемелері мен аудан, қаладағы бөлімдер тарапынан апта бойы осы бағытта іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі