Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
26 апр 2024

«Жасыл аймақ»: төлебиде 50-ден астам балабақша ұжымы тазалық акциясына атсалысты


Төлебиде республикалық экоакцияның «Жасыл аймақ» апталығы аясында балабақша ұжымдары да атсалысты. Аудандағы 54 балабақша ұжымы өз ғимараттары аумағында көшет отырғызу мен абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Балаларға жайлы, таза аула жасауды көздеген қызметкерлер мекеме аумағына тал-гүл көшеттерін отырғызып, қоршауларды сырлады.

Сондай-ақ, Аққұм ауылдық округі, Момынай ауылдық клубының қызметкерлері ауыл белсенділерімен бірге мәдениет ошағы ауласында 40 түп шырша ексе, 100 түп қара ағаш ауыл аумағында отырғызылған. Тазалық шарасына ауылдың 600 тұрғыны қатысқан.

Сонымен қатар, Бірінші Мамыр ауылдық округі Тағайна елді мекенінің тұрғындары өзен бойындағы қоқысты тазалап, өз қаржылары есебінен жол бойына орындықтар мен түнгі жарықшамдарын орнатқан. Сондай-ақ, өз қаражаттары есебінен қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін сатып алып, елді мекендердің көше бойларына еккен. Бұған бөлек, «Мейірім» еріктілер тобының белсенді жастары Ленгір қаласы мен Зертас ауылдық округі арасындағы жол бойына 100 түп қара ағаш көшетін отырғызған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі