Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
04 апр 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көтерген мәселелері


Қазір ел арасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кешегі наурыз айында Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерген мәселелері қызу талқылануда.

Бұл Құрылтайда Президент қоғамымыздағы руханият саласы бойынша кенжелеп отырған мәселелерге баса назар аударды. Оның ішінде бүкіл әлемде белең алып отырған ақпараттық технологияның пайдалы жағын алып, зиянды жағынан сақ болу керектігін, оны талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатқандығын , іскерлік бағытта тіліміздің қолдану аясын кеңейту, ұлттық бірегейлігімізді сақтау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, дәстүрлі дінімізді нығайту жөнінде кеңінен әңгіме өрбіді.

Бұл орайда кітапхана қызметкерлерінің міндеті - халық арасында осындай мемлекеттік құжаттарды кеңінен насихаттап, түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып отыр.