Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
11 мар 2024

Шәмші ауылдық мешітінде ауылдық кітапхананың кітапханалық нүктесі ашылды


Кітап - рухани сарқылмас қазына десек, кітап оқу арқылы адамның ойлау қабілеті артып, ішкі жан-дүниесі байиды емес пе?!

Халықты кітап оқуға бет бұрғызу, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету мақсатында облыс әкімдігінің бсстамасымен және облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қолдауымен халық көп шоғырланатын орындарда кітапхана нүктелерін ашу жобасы жалғасын табуда. Осы бастама аясында Шәмші ауылдық мешітінде ауылдық кітапхананың кітапханалық нүктесі ашылды.

Кітапханалық нүктенің ашылуына ауыл имамы Қамбар Абай мен ауыл әкімі Сәкен Айсейітов және ауыл тұрғындары қатысты. Кітапхана меңгерушісі Мансия Темірбек көпшілікке түрлі саладағы әдебиеттерді таныстырып шықты.