Даңқты жазушы Ғ. Мүсіреповтің «Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді» деген сөзі бар. Аналар мейірім мен сұлулықтың, ізгілік пен даналықтың қайнар көзі. Әрбір азамат бұл өмірде ардақты аналарға қарыздар. Әрбір адам үшін дүниеде ананың жүрегі мен аялы алақаны жұмсақ. Ананың перзентке деген мейірімінен асқан құндылық жоқ.
8 наурыз – аналар мерекесіне орай «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кеш өтті. Осы аталмыш мерекеде кітапхананың оқырман жастары, кітапхана қызметкерлері аналар мен аруларға арнап, ақын-жазушылардың туындыларынан үзінділер оқып, әсем әндер орындады. Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, аналарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.