Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
13 фев 2024

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл


Талай шаңырақты шайқалтып, мыңдаған адамды қыршынынан қиған соғыстың бірі - Ауған соғысы. Сол Ауған жеріндегі ұрыс даласынан Кеңес әскерінің шығарылғанына биыл 35 жыл.

Қатерге бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен орталық кітапханада «Ауғанстан: ХХ ғасыр қасіреті мен қаһармандығы» кездесу кеші болып өтті.

Кеш барысында кітапхана қызметкерлері сол бір ауыр күндердің тарихына тоқталса, ардагер ағалар тақырып аясында әңгіме өрбітіп, жауынгер достарының ерліктерін еске алды.

Жастар үшін тәрбиелік мәні зор бұл кеште патриоттық әндер орындалып, ағалар ерлігі ұрпаққа мұра екендігі айтылды.