Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
09 фев 2024

Мұқағали оқулары


«Аққу ұшып, қаз қонған, қайран Қарасазым-ай», – деп туған жерін сағынышпен жырлап, асқақ бейнеде суреттеген мұзарт таудың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпақтың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге тәрбиелеу мақсатында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Мұқағали жырлары - мәңгілік» атты аудандық «Мұқағали оқулары» байқауы өтті. Байқауға қатысушы үміткерлер «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» «Жыр эстафетасы», «Мұқағали мұрасын кім көп біледі» деген кезеңдер бойынша сынға түсті.

Байқау нәтижесі бойынша Көксарай ауыл округінен қатысқан оқырман Сейілқұл Заңғар І орынды жеңіп алса, Маяқұм ауыл округінен қатысқан Құлмахан Гауһар ІІ орын, Қарғалы ауыл округінен қатысқан Лескенқызы Ұлбала жүлделі ІІІ орынды иеленді. Басқа қатысушылар да арнайы номинациялармен марапатталып, алғыс хаттар тапсырылды.

… Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай.

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, — деп Айт ақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді.

Иә, Мұқағали ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ешқашан естен шығармайды деп сенеміз. Мұқағали жырлары – мәңгілік!