Тау суындай арқырап келген, құйрықты жұлдыздай ағып түскен қазақтың хас таланттарының бірі Саттар Ерубаев еді. Небәрі 23 жылдық ғұмырында артында өлместей шығармалар қалдыра алды. Солардың бірі һәм бірегейі «Менің құрдастарым» деп аталатын аяқталмай қалған романы.
«Менің құрдастарым» романында (1939 жылы жарияланған, 1957 жылы орыс тіліне аударылған) Қазақстанның көмір орталығы Қарағандыны кұрушы жастардың тұрмысы мен еңбегін суреттейді.
Бұдан бөлек, дарынды жазушы Қарағанды жұмысшы табының қалыптасуы жайындағы «Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа», «Бақыт», «Өмір көркемдігі» атты новеллалардың авторы.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.