Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
06 фев 2024

«Қылқалам шебері»

 

Темір ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық суретшісі, қылқалам шебері Ә.Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Қылқалам шебері» атты тақырыпта кітапхана оқырмандары арасында көркем сурет байқауы болып өтті.

Байқауды Отырар ауданының белгілі суретшісі «Отырар әдебиеті мен өнері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мәлік Әділхан алғы сөзбен ашып, жас суретшілерге сәттілік тіледі. Байқауға тоғыз үміткер қатысып, байқаудың екі кезеңі бойынша өнер көрсетті. Бірінші бөлімде қатысушылар «Рахмет саған,туған жер» тақырыбында (туған жерді бейнелеу) 15 минут уақыт ішінде аяқтап берді , екінші бөлімде «Ғажайып сурет әлемі» (үй тапсырмасы: салған суреттерінен кем дегенде төрт сурет әкелу керек) атты көрме ұйымдастырылып, көрмені Темір ауылдық кітапхана меңгерушісі А.Маханова таныстырып өтті. Екі кезеңнен де сүрінбей өткен жеңімпаздар жүлделі орындарға ие болды.

Қанатқызы Айкүнім І орын иеленсе, Мейрамханова Қарақат ІІ орын, Сабыр Бірханым ІІІ орын және «Ең жас суретші» номинациясымен Майлыбай Арайлым марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.