Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
07 дек 2023

ЖАҢА КІТАП!!!

Қазақ мәдениетінің өрлеуі мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері,  қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жаңғырту және дамыту жолында  ерен еңбек сіңірген тұлға, ұлы этнограф Өзбекәлі Жәнібек туралы жазылған кітаптар жарық көрген болатын. Сол кітаптардың қатарын толықтырып жақында ғана ағартушы, шығыстанушы Санжар Керімбайдың «ӨЗБЕКӘЛІ және мәдени майдан» атты кітабы жарық көрді.  Бұл жаңа кітаптың алғашқы тұсау кесері Алматы қаласында, одан соң Шымкентте, Түркістанда өтсе, міне бүгін Отырар ауданында, яғни Өзбекәлі Жәнібектің туған жерінде кітаптың құрастырушысы Санжар Керімбайдың қатысуымен таныстырылымы өтті.

Осындай кітапты құрастырып шыққан Санжар  мырзаға  елдің атынан мың да бір рақмет!

Бұл кітап - қазақ баласының санасын серпілтетін КІТАП!