Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
21 ноя 2023

Қазір көпшілік арасында "балалар кітап оқымайды" деген пікір қалыптасқан, әрине біз бұл пікірге келіспейміз

Қазір көпшілік арасында "балалар кітап оқымайды" деген пікір қалыптасқан, әрине біз бұл пікірге келіспейміз. Біз тек балаларды қызықтыра білуіміз керек. Балаларға кішкентайынан қызықты әңгімелер мен ертегілер оқып беруді әдетке айналдырсақ, олардың да оқуға деген ынтасы арта түседі. Демек, бала кітап оқу үшін, алдымен ата-ана кітап оқуы керек.

Бүгін балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылығын қолдау мақсатында , «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы және республикалық «Ақылдым» журналы бірлесе ұйымдастырып, өңірдегі барлық кітапханалардан қызу қолдау тапқан   «Ақылды балаға – сыйлыққа Ақылдым»  байқауының ақтық сайысы өтті.

3 кезеңнен тұратын байқауда оқырман балалар "Ақылдым" журналымен қалай танысқаны туралы әңгімелеп, бұл басылымнан бұдан былай қандай ақпарат алғысы келетіні жайлы өздерінің тың идеяларын ұсынды. Сонымен қатар, балалар өздері шығарған қабырға газетінің мазмұнына тоқталып, өз қиялдарымен жазып шыққан ертегілерін көпшілік алдында қорғап шықты.

Байқауға  кітапханамыздың тұрақты оқырманы,  «Ақылды балаға – сыйлыққа Ақылдым»  аудандық байқауының жеңімпазы,  Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы  Баянбай Ақерке   қатысты.  

Ақерке байқау барысында өзінің әжесі,  аузынан дуалы сөзі төгілген, қолынан домбырасы түспеген,  қазақ айтыс өнерінің аруанасы атанған Халық ақыны Әселхан Қалыбековаға арнаған   «Әжемнен қалған өсиет» атты  алғашқы  қабырға  газетін көпшілік назарына ұсынды. Ол  қабырға газетін  әжесіне деген сағыныштан туындағанын  және  әжесінің әрбір айтқан өсиет сөзі ұрпағының кеудесінде мәңгі сақталатынын  айтып өтті.

Әділ қазылардың шешімі бойынша, 3 кезеңде де байқау талаптарын ережеге сай орындап, тапқырлығымен, сөйлеу мәнерімен және ерекше қабілетімен қалың жұртты тәнті еткен  Баянбай Ақерке  Батырбек Көшербайдың арнайы стипендиясын иеленді. Ақеркені марапатымен құттықтаймыз! Алар асуың мол болсын, Ақерке!

Байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып, мазмұнды да әсерлі өткен бұл байқаудан кейін кішкентай оқырмандарымыздың кітап оқуға деген ынтасы арта түседі деген сенімдеміз және кішкентай оқырмандарымызды "Ақылдым" журналымен дос болуға шақырамыз!