Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
10 ноя 2023

"Жастардың діни түсінігін дұрыс қалыптастыру" тақырыбында пікір алмасу жиыны

Аудандық орталық кітапханада ауыл жастары және  кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен "Жастардың діни түсінігін дұрыс қалыптастыру" тақырыбында пікір алмасу жиыны өтті. 

Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасының дінтанушы-теолог маманы Өтеген Бердуәлі Әбдужаппарұлы арнайы қатысып, ислам діні мен өзге діни ағымдар тұрғысында ақпарат берді. Жиынға қатысушы жастар өздеріне түсініксіз, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.