Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 мар 2026

ЖАҢА КІТАП – ЖАҢА ОЙ

📚Кітап – адамзаттың сарқылмас рухани қазынасы. Оқырман мен кітап арасын жақындату, жаңа әдебиеттерді кеңінен насихаттау – кітапхана жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Белсенді ұзақ өмір, Отырар саз және өнер мектебіне барып, жаңа кітаптарды таныстыру шарасын ұйымдастырды.

📚Шара барысында мекеме қызметкерлеріне биыл жарық көрген әдеби, тарихи, танымдық және көркем шығармалар ұсынылды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар мен тарихымызды дәріптейтін кітаптарға ерекше назар аударылды.

📚Таныстыру барысында кітаптардың мазмұнына қысқаша шолу жасалып, жаңа әдебиеттер тізімі берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған кітаптар жайлы сұрақтар қойып, пікір алмасты.

📚Жаңа кітаптарды насихаттау – қоғамның білім деңгейін көтеріп, рухани мәдениетін байытудың тиімді жолы.

Кітапхана ұжымы алдағы уақытта да оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір болуды жалғастыра береді.