Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
19 дек 2025

«Кәсібім – өз нәсібім»

 

Кітапханалық «Туған жерді шексіз сүй» жобасы аясында аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Кәсібім – өз нәсібім» тақырыбында жергілікті жеке кәсіпкерлермен кездесу кеші өтті.

Іс-шараның негізгі қонақтары – сублимациялық кептіру технологиясымен айналысып жүрген жас кәсіпкер, өз ісінің шебері Керімшеев Бақтияр Сұлтанбекұлы және туристік қызмет пен ұлттық өнімдерді дамыту бағытында еңбек етіп жүрген, «Әлем тур групп», «Отырар тары» бизнес жобаларының негізін қалаушы Мұратова Балнұр Оразәліқызы болды.

Кездесу барысында қонақтар кәсіпке келу жолдары, бизнес идеяның қалыптасуы, заманауи технологияларды пайдалану, бастапқы капитал жинау және кездескен қиындықтарды еңсеру тәжірибелерімен бөлісті.

Сұхбат барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар беріліп, кәсіп бастауға қызығушылық танытқан жастарға мотивациялық кеңестер айтылды.

Іс-шара барысында еңбекке, отансүйгіштікке және туған жерді дамытуға деген көзқарас айқын көрініс тапты.

Кездесу кешінің соңында аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесі директорының орынбасары Жұмаділдә Базаркүл Қыдырбайқызы сөз сөйлеп, кәсіпкерлерге алғыс білдіріп, естелік ретінде сыйлықтар табыстады.