Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
23 окт 2025

"ЖАЙНА, РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ!"

 

Қазақ тарихында алтын әріптермен жазылған Ұлттық мерекеміз - 25 қазан -Республика күніне орай, Отырар аудандық балалар кітапханасында "ЖАЙНА, РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ!" атты мерекелік кеш Ө.Жәнібеков атындағы мектеп лицей-интернатының 8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.

Кеште оқушылар Қазақстан Республикасының тарихы, рәміздері туралы өлеңдер оқып, сахналық көрініс қойды.

Сондай – ақ, мерекелік шара барысында балалар еліміздің жетістіктері мен болашағы туралы өз ойларын ортаға салды.

Көк туымыз мәңгі желбірей берсін! Республика күні құтты болсын!