Мерейтой аясында қос кітап жарық көрді!
"Кітап-тарих, кітап-шежіре". Кітап кешегіні бүгінге, бүгінімізді ертеңге жеткізетін қасиетті құрал.Яғни біз бүкіл өткенімізді кітап арқылы білеміз. Кейінгі ұрпаққа кітап арқылы жеткіземіз.
Жақында Отырар кітапханасының кітап қоры "Отырар - Ұлылар Отаны" шежірелі деректер мен суреттер және "Шұғылалы Отырар" атты жаңа кітаптармен толықты. Бұл туындылар Отырар
ауданының 90 жылдығына, Халық ақыны Әселхан Қалыбекова мен жазушы - сатирик Көпен Әмірбектің 75 жылдығына арналып отыр. Мұнда аудан тарихына, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өміріне, табиғатына қатысты материалдар, суреттер берілген.
Кітаптар елін, жерін сүйетін оқырмандарға арналған.
Келіңіз, танысыңыз, оқыңыз, қымбатты оқырман!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.