1 қазан – Қарттар күні. Бұл күні біз қоғамымыздың ең қадірлі, ең құрметті жандарын – ата-әжелерімізді ардақтап, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегіне бас иеміз. Қарттар – біздің өткеніміздің шежіресі, болашағымыздың темірқазығы. Қарттар күні – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын көрінісі. Айтулы мерекеге орай Отырар аудандық орталық кітапхана ұжымы «Белсенді ұзақ өмір» орталығына арнайы барып, қариялармен жылы жүздесу өткізді. Шара барысында кітапхана қызметкерлері ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар әсерлі өлең жолдарын оқып, ән мен жырдан шашу шашты.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.