Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 сен 2025

Кітап оқуға уақыт табыңыз

 

Аудандық орталық кітапхана ұжымы кітапханаға оқырман тарту және жаңа әдебиеттерді көпшілік арасында насихаттау мақсатында аудан орталығындағы кәсіпкерлерге арнайы барып, жаңа түскен кітаптарды таныстырды. Бұл игі бастама барысында кітапханаға жиі келе бермейтін кәсіпкерлер рухани қазынаның мол әлемімен танысып, өздеріне ұнаған туындыларды жаздырып алды. Осылайша, кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір кеңейіп, кітапхана қызметі жаңа қырынан жандана түсті.