Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
18 авг 2025

«Әнім сен едің»

Отырарда Қазақстан республикасы Мемлекеттік Әнұранының авторы, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек ері, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Әнім сен едің» атты мерекелік кеш болып өтті.

Кеш аясында аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Отырар ауданының құрылғанына 90 жыл, Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл және биылғы отырарлық мерейтой иелеріне арнап кең көлемдегі кітап көрмесін ұйымдастырып, қонақтар мен аудан тұрғындарының назарына ұсынды.