Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
23 авг 2025

"Онлайн кітапхана - оқырман талабы"

 

Бүгін аудандық орталық кітапханада Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, ауылдық кітапханашылар арасында "Онлайн кітапхана - оқырман талабы" атты зерделі кеңес болып өтті. Кеңесті кітапхана директоры Р.Пернебаева ашып, кітапханадағы онлайн жұмыстардың барысы мен сапасы жөнінде сөз қозғады.

Кеңес бағдарламасы бойынша Кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Тәменов "Мобилография кітапхана жұмысында" атты шеберлік сағатын өтті. Сонымен қатар Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашылары "МегаРабис бағдарламасымен жұмыс: электронды каталог жүйесін ұйымдастыру және жүйелеу" тақырыбында тәжірибелік сабақ өтікізді.

Кеңес соңында әдіскер Г.Дәулетова кітапхана жұмысындағы түрлі мәселелерді талқылып, әдістемелік кеңестер мен ұсыныстар беріп өтті.