Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
09 авг 2025

«Абай шығармалары - мәңгілік мұрамыз»

 

Қазақ халқының дана ойшылы, ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай шығармалары - мәңгілік мұрамыз» шығармашылық сурет салу сайысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Абай шығармашылығының тереңдігін ұғындыру, көркем сөз өнерін дәріптеу және сурет салу арқылы ақын мұрасын сезіндіру болды.

Оқушылар Абай шығармаларынан шабыттанып, өз қолдарымен салған суреттерін таныстырды. Оқушылар Абай Құнанбайұлының төрт мезгілге арналған «Қыс», «Жаз», «Күз», «Көктем» өлеңдері бойынша суреттер салды.

Шара барысында оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтермен танысып, өз өнерлерін көрсетті.

Кітапхана меңгерушісі А.Маханова оқушыларға Абай шығармаларының ерекшелігі, тәрбиелік мәні және қазақ әдебиетіндегі орны жайлы кеңінен ақпарат берді.

Оқушылар Абайдың кітаптарын парақтап, өздеріне ұнаған үзінділерді дауыстап оқыды. Көптеген оқырман ақын шығармашылығына жаңаша көзқараспен қарап, терең ой түйді.Шара соңында суретші балалар марапаталды.