Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
08 авг 2025

“Абай-әлемдік ойдың алыбы”

 

Биыл күллі қазақ халқы үшін ерекше жыл. Ұлы ойшыл, дара тұлға, ақын Абай Құнанбайұлының туылғанына 180 жыл толды.Осыған орай, Отырар ауыл округі кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Абай онкүндігі” аясында “Абай-әлемдік ойдың алыбы” атты оқырмандар конференциясы өткізілді.Шараға арнайы қонақ ретінде белгілі ақын Б.Сұлтаев, кітапхананың белсенді оқырмандары К.Қаныбеков, Ұ.Айтуғанова , Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері және өнерлі оқушылар қатысты.

Іс шара Абайдың өмір жолы мен шығармасына арналған бейнешолудан бастау алды.Келесі кезекте қатысушы қонақтарымызға ақынның шығармаларын зерделеп, әлеуметтік және адамгершілік тұрғыда ой бөлісуге негіз болатын 1).”Абайдың рухани мұрасы-тек әдебиет қазынасы ма,әлде өмірлік бағыт па?”, 2). “Хакім Абай “Ғылым жоқ жерде ұлт дамымайды” дейді.Қазір бұл сөз қаншалылықты өзекті?, 3).”Толық адам” болу үшін адам бойына қандай қасиеттер қажет?”деген бірқатар сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.Сонымен қатар,оқушылар ақынның жүрекке жетер әсерлі өлеңдерін жатқа оқып, ғибратқа толы қара сөздерінен үзінділерді жеткізе білсе, ақынның күйі орындалып,көрермендерге рухани әсер сыйлады.Кеш соңында арнайы ұйымдастырылған “ Абай мұрасы-халық ұлағаты” атты кітап көрмесінің таныстырылымы оқырмандар назарына ұсынылды. Ұлттық рухты асқақтататын тағылымды шаралар ұрпақ санасына өнеге болсын, дей келе шара соңы қорытындыланды.