Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады. Құқықтық тәрбие – тура жолмен жүруге үйрететін әдептілік әдістеріне сүйенеді. Осыған орай кітапханада «Құқықтық тәрбиені қалыптастыруда отбасының ролі» атты кеңес сабағы болып өтті. Шараға Отырар аудандық «Отбасын қолдау орталығы», «Шуақты аналар» ҚБ- нің төрайымы Қалдан Байжұман, АПБ –нің Отбасындағы тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы , полиция аға лейтенанты Зубайра Надирова, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар қатысты.Шара барысында психолог Мөлдір Өсербай «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті мен бала құқығы» тақырыбында баяндама оқыса, мамандар пікір алмасып, сұрақ жауаптар және кеңестер айтылып, отбасында тәрбиенің маңыздылығы түсіндірілді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.