Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
04 июн 2025

«Кітап оқытуды дамыту: жаңа мүмкіндіктер»

 

Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ауылдық кітапханашылар арасында «Кітап оқытуды дамыту: жаңа мүмкіндіктер» атты кезекті зерделі кеңес өткізілді.

Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Г.Дәулетова кеңесті ашып, кітапханалардың жұмысы туралы зерделеп айтып өтті.

Бүгінгі дамыған заманда кітапхана жұмысын жарнамалаудың заманауи әдіс-тәсілдері мен кітапханадағы жаңа инновациялық көпшілік жұмыс формалары туралы кітапханашыларға әдістемелік ұсыныстар айтылды.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М.Шәріпбекова «Заманауи кітапхана: дәстүрлі және жаңаша қызмет» тақырыбында жаңа идеялармен бөлісті.

Шара барысында Көкмардан ауылдық моделді кітапханасының меңгерушісі Г.Елемес «Оқырмандарды кітап оқуға баулудың өзі – шеберлік» тақырыбында кітапханашылар арасында кәсіби шеберлік сағатын ұйымдастырып, кітапханашылар мен оқырмандар арасында өткен «Қайсысы тиімді: электронды кітап па, дәстүрлі кітап па?» атты пікірталас қызу талқылауға ұласып, қатысушылар өз көзқарастарын еркін білдірді.

Ауылдық кітапханашылардың білімдері мен кәсіби шеберліктерін саралау мақсатында «Ұшқыр ой алаңы» интеллектуалды сайысы өткізілді.

Автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Тәменов «Кітапхана жұмысын Тик-ток әлеуметтік желісінде насихаттау» тақырыбында шебер сынып өткізіп, кітапханашыларға қажетті кеңестер берді.

Шара соңында пікір-таласқа қатысушылар кітапхана директоры Р.Пернебаеваның алғыс хатымен марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табысталды.