Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
23 Май 2025

«Оқымасаң – ой тоқырайды»

 

Кітап – адамзаттың ең жақын досы және ақылшысы, даналық пен білімнің қайнар көзі болғандықтан халқымыз оны киелі, қадірлі санаған. «Оқымасаң – ой тоқырайды»,- деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, өмірі қараңғы болатындығын дәлелдейді.

Сондай-ақ кітапты таңдап-талғап оқи білу, түсіну мен сезіну, алған әсеріңді өмірлік қажеттілікке жарата білу – әрбір жанның біліктілігі мен білімін арттыра түседі.

Осы орайда «Отырар» кітапханасының қызметкерлері кітапханаға жаңа оқырман тарту, көпшіліктің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында үй аралауға шықты. Үй аралау барысында жаңа әдебиеттер туралы ақпарат беріп, ұсыныстық тізімдер мен кітапхананың жарнамалық кітапшаларын ұсынды.