Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
24 апр 2025

Ұлттық кітап күніне

 

📌Қазіргі қазақ ұлтының алдына қойған басты мақсаттарының бірі – білімді, жан – жақты, ақылды ұрпақ тәрбиелеу болса, сол саналы ұрпақ тәрбиелеудің басты құралдарының бірегейі – кітап. 16-23 сәуір аралығында Ұлттық кітап күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, апталықтың жабылу салтанаты болып өтті.

📚Ашық микрофон аясында аудандық «Әжелер» алқасының төрайымы М. Тұрлыбек, «Шуақты аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қ.Байжұман, ардагер-ұстаз Ұ. Арыстан көпшілікті кітап мерекесімен құттықтады.

📚Шара барысында «Ең көп оқитын отбасы» аясында Сейдалиева Гүлжан ханымның отбасымен сыр-сұхбат және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Н. Сердалиевпен оқырман бенефисі өткізілді.

Балалар кітапханасы дайындаған «Қуырмаш» үйірмесі «Аю мен түлкі» ертегісін кішкентай оқырмандарымызға ұсынды.

📚 «Кітапханаға кітап сыйлайық» акциясы аясында оқырмандарымыз кітапханаға кітаптар тарту етті. Нәтижесінде кітап қоры 102 дана кітаппен толықты.

💃🏻Мерекелік бағдарлама кітапханашы қыздардың арнайы дайындаған «Бірге кітап оқиық» флешмобына жалғасты.

Ұлттық кітап күні мерекесі өз мәресіне жетіп, кітапхананың үздік оқырмандары марапатталды.

📌Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана ғасырлар бойы жасайтын руханият ордасы болып қала бермек. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ асыл бастауымыздан нәр алып, сусындай берсін!