Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 апр 2025

Ұлы Отырар

 

Ұлы Отырар – өркениеттің алтын діңгегі ғана емес, қарымды қаламгерлер мен от ауызды, орақ тілді ақындардың отаны. Биыл Отырар ауданының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Осы мерейтой аясында өлкемізден шыққан жас ақындардың шығармашылығын шыңдау, туған жерді құрметтеу, тарихты тануға баулу мақсатында «Қасиетіңе табынамын, туған өлкем!» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Мүшайраға қатысушылар:

- «Туған өлкем – Отырар», /үміткерлер Отырардың өткені мен бүгінгі тарихын, ұлы тұлғаларын жырына арқау етуі тиіс/

- «Еркін тақырып» / жас ақындар өз шығармашылығынан еркін тақырыптағы өлеңін оқу/ 2 кезең бойынша сынға түсті.

Байқауға 16 оқырман қатысты.

Жыр мүшәйрасының қорытындысы бойынша

І орын - №1 Жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Жәутік Асылжан,

ІІ орын - Шеңгелді шағын жинақты мектебінің 9 сынып оқушысы Рысқұл Тұрар,

ІІІ орын М. Шаханов жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Темірхан Ақниет иеленді.

Өзге қатысушылар алғыс хаттар және номинациялармен марапатталды.