Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
24 янв 2025

Әдеби-музыкалық кеш

 

Аудандық «Отырар» кітапханасы мен Көкмардан мектебі ұстаздарының ұйымдастыруымен Көкмардан мектебінде Қазақстанның халық жазушысы, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, поэзия патшасы, публицист, сыншы, драматург, Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған «Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Іс-шара барысында «Отырар» кітапханасының кітапханашысы Шерехан Дариға ақынның өмірінен сыр шертер баяндама жасады. Меткеп оқушылары Қадыр Мырза Әлінің «Бақыт», «Ана тілі», «Отырар» және тағы да басқа өлеңдерін жатқа оқыды. Қадыр ақын мен қазақ вальсінің каролі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық байланысынан туған «Шалқыған Шәуілдір», «Сыған серенадасы» сияқты тыңдарманның жүрегіне жол тапқан әсем әндер шырқалды

Шара соңында кітап көрмесі көрермендер назарына ұсынылды. Мектептің бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Саметова Эльмира шара ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.